Біз немен айналысамыз?
Бізде кім жұмыс істейді?
Неліктен бізде жұмыс істейді?
Бізбен қай жерлерде жұмыс істеуге болады?
Егер Сіз тапсырыс беруші болсаңыз...

Біз қызметкерлердің біздің компаниямыз туралы ендігі білетіндігіне және туыстарының, достарының және таныстарының алдында өзінің жұмыс орнымен мақтану үшін кіретіндігіне сенімдіміз. Сондықтан да, құрметті әріптестер, біздің үздік қызметкерлеріміздің портреттерінің галереясын сіз мына жерден, көре аласыз, таныстарыңызға жұмыс залдарының, спорт залдарының және демалыс бөлмелерінің ішкі көріністерін мына жерден көрсете аласыз. Ал бізге енді ғана жұмысқа келу туралы ойланып жатқандарға біз өзіміз туралы басынан бастап айтып береміз.


Біздің компаниямыздың қызмет саласы — біздің тапсырыс берушілерімізбен коммуникациялар. Бұл ғылыми түрде айтқандағымыз.

Ал егер қарапайым тілмен айтсақ, біз тапсырыс берушілеріміздің тапсырысы бойынша:

Оларға келіп түсетін телефон қоңырауларына жауап береміз.
Біздің тапсырыс берушілеріміздің клиенттеріне қоңырау шаламыз.
Біздің тапсырыс берушілеріміздің өнімдерін немесе қызметтерін оған кім мүдделі болуы мүмкін соларға сатамыз.
Клиенттердің e-mail немесе sms-теріне жауап береміз.
Толтырылған сауалнама/келісімшарттардан мәліметтер енгіземіз.
Біздің тапсырыс берушілеріміз үшін басқа жұмыстарды телефон, sms немесе электрондық пошта арқылы орындаймыз.
переход на русскую версию сайта     переход на английскую версию сайта
«Ресейлік аутсорсингті call-орталықтары нарығы-2013» РосБизнесКонсалтинг компаниясының зерттеу қорытындылары бойынша, Телеконтакт дәлелденген айналымдар бойынша ең ірі ресейлік call-орталығы болып табылады.

Біз call-орталық өзінің тапсырыс берушілері үшін не істей алатындарының бәрін жасаймыз (тіпті олардың ішкі call-орталықтарының қызметкерлерін оқытамыз), сондай-ақ біз шектес бағыттармен де жұмыс істейміз: sms-сервистер, құжаттарды сканерлеу және анықтау, құжаттар мен мәліметтерді сақтау.

Егер де Сіз — әлеуетті тапсырыс беруші болсаңыз, онда сіз бұл сайттан біздің қалай жақсы жұмыс істейтіндігіміз, біздің қызмет көрсету ауқымымыздың қаншалықты кең және «service level» қаншалықты жоғары екендігі туралы сипаттаманы таба аласыз. Осының бәрін, біздің клиенттеріміздің ұсыныстарымен бірге, біз сіздің компанияңыз үшін дайындап береміз және көзіңізше дербес көрсетіп береміз. Ал бұл сайтты біз өзіміздің ең басты активімізге — біздің қызметкерлеріміз бен бізге жұмысқа орналасу мүмкіндігін қарастыратындарға арнадық.

Біздің қызметіміздің негізгі саласы:

телефон қоңырауларын өңдеу, сондықтан да біздің саламыздың кәсіпорындары call-орталықтар (немесе қоңырауларды өңдеу орталықтары) деп аталады. Бірақ біздің кейбір әріптестеріміз, клиенттермен коммуникациялардың жиынтықтығын баса көрсету үшін өздерін байланыс орталықтары (contact center) деп атайды.

Егер Сіз Яндекс немесе Google-да осындай сұранысты еңгізіп көрсеңіз, call-орталықтары контакт-орталықтарынан, әсіресе Интернеттің ағылшын тіліндегі ресурстарында әлдеқайда көп екендігін байқайсыз.

Телеконтакт Ресейдегі өз саласының ең көне кәсіпорындарының бірі болып табылады. Біздің компаниямыздың қызметкерлері аса ірі ресейлік және халықаралық компанияларға (банктерге, сақтандыру компанияларына, баспа үйлеріне, байланыс қызметтері провайдерлеріне, сауда фирмаларына, жарнама агенттіктеріне, мемлекеттік кәсіпорындарға және т.т.) жұмыс істейді.

Мұндай тапсырыс берушілердің жобаларында сіз қаншалықты қаласаңыз соншалықты еңбек ете алатындай жұмыс тауып қана қоймайсыз, сонымен бірге көптеген басқа мамандықтарда да сұранысқа ие маңызды дағдыларды да игере аласыз.



Бізбен бірге жұмыс істеуге келіңіз! :)
Тверь    Орел    Тамбов    Минск    Алматы    Мәскеу


Телеконтакт, © 1999 - 2015
    +7 (727) 355-14-80 Skype Me™! telecontact_reception