Біз немен айналысамыз?
Бізде кімдер жұмыс жасайды?
Неге бізде жұмыс жасайды?
Бізде қайда жұмыс жасайды?
Егер Сіз — тапсырыс беруші болсаңыз...

Біз қалай демаламыз

Біз демала білеміз. Жыл сайынғы корпоративтік шығу шараларына күшті бағдарлама ұйымдастырамыз. Мысалы, міне 2009 жылы өткен корпоративте семинарға қатысушылардың тізімі ...

Ыңғайлы график

Телеконтакт жұмыстың ыңғайлы графигін ұсынады. Біздің компания жұмыспен толық қамту мүмкіндігі бар болса, (толық жұмыс күнінің жұмысы) сонымен қатар өзіңізге ыңғайлы графикте қосымша ақша табуыңызға болады ...

переход на русскую версию сайта     переход на английскую версию сайта

Неге бізде жұмыс істейді? > Оқыту

Бұл аралықта біз әрбір қызметкерлерден қалыптасқан көптеген мінсіз таза жұмыстың арқасында өз облысымызда алдыңғы қатарға шықтық.

Базалық курс

Базалық оқудан Телеконтактта сіздің мансабыңыздың бастамасы басталады. Сәтті әңгімелесуден кейін, кадрлар бөлімінің қызметкері оқудың басталу күнін сізбен келіседі. Сіз ары қарай жұмыс істеу үшін оқу уақыты сіз таңдаған уақытта өтетін болады. Курстың мазмұны сіз өзіңізге таңдаған мамандануға байланысты. Базалық оқыту 20 сағатқа созылады, теориялық бөліктен және тәжірибелік жаттығулардан - іскерлік ойындардан тұрады. Сонымен қатар ізденуші телефонмен әңгімелесу базасын меңгереді. Әдеттегі қалыпсыз жағдайларды сезіну және қалыпты жағдайларда жұмыс жасауды үйренеді ... (мысалы абоненттің танысу әрекеті).Сонымен қатар, сіз барлық бағдарламада телефонмен сөйлесуді үйренесіз, бұл мақсат әңгіме барысында сізге көмекші болып табылады. Базалық курс емтиханмен аяқталады, экзаменнен сәтті өту сізге әзірше жұмыс жасауға емес, ары қарай оқуға жол ашады.

Арнайы оқыту

Базалық оқу барысында сіз болашақ жетекшіңізбен танысасыз, экзамендерді сәтті тапсырғаннан кейін оның қарауына көшесіз. Жетекші осы бағдарламада қабылданғандай сізді әріптестермен таныстырады және жоба бойынша сізге белгілі бір оқуды анықтайды. Сіз осы жерде, абоненттермен не жайлы сөйлесетініңізді, әңгіменің мақсаты неде екені, абонентте қандай сұрақ туындау мүмкіндігі және оларға қалай жауап беру керектігі жайлы біле аласыз. Жұмыс жасау барысында туындауы мүмкін жағдайларға арналған және оларға не істеу керектігі жайлы сипаттама беріледі. Сіз жаттықтырушының көмегімен керекті дағдыларды игеріп, ақпаратты меңгере аласыз.

«Бейстандарттық жағдайлар» да жеке баяндалған. Михайл Жванецкий айтқандай, «Міне менің сұрақтарымның тізімі, міне Сіздің жауаптарыңыздың тізімі». Сіз скриптпен жұмыс істеуді де үйренесіз (еске түсіру бағдарламасымен және жұмыс нәтижесін енгізу үшін). Оқу сіз шешетін тапсырмаларға байланысты 1 күннен 3 аптаға дейін созылуы мүмкін. Бұл арнайы оқу жинақталған емтиханмен аяқталады. Міне осы жерде жұмыс басталғанымен, оқу жалғасын табады. Сіз өз таңдауыңыз бойынша кәсіби және өзіңіздің жеке тұлға болып өсуіңізге байланысты дәрістерге қатысып, нәтижелері бойынша Телеконтакттың сертификатын ала аласыз. Сонымен қатар, үш ай жұмыстан соң сізге мансаптың өсу бағдарламасы ұсынылатын болады.

Жеке даму және біліктіктерді жоғарылату курсы.

Кәсіби телефондық әңгіме— тренинг, кәсіби телефонның этикетінің білімін жаңартушы, сонымен қатар қосымша көптеген квалификациялық жұмыс үшін дағды беруші (әңгімемен басқару, қақтығыстық жағдайдағы жүріс тұрыс т.б.)

Сатылым тренингі — бұл тренингте оператор сатылым барысымен, сатылым жолдарымен танысып, әр кезең бойынша өзін басқару арқылы сатып алушыдан оң жауап алу тәсілдерін үйренеді. Дауыспен басқару – оператордың кәсіби шеберлігін толықтыратын тренинг. Ол арқылы үйренуші сөз мәнері мен сөйлеу мәнерінің айқындылығын арттырып, өз даусын басқаруды дағдыланады.

Эмоционалды жағдайды басқару және қақтығысты басқару — әмбебап тренинигтер, қиын жағдайда көңіл – күйге байланысты сабырлықты сақтай білуді үйрену және әңгімелесу барысындағы орын алған түсініспеушілікті шешу.

Барлық курстар әрдайым өзгертіліп және жаңартылып тұрады.



Мансаптық өсуге өту



Телеконтакт, © 1999 - 2018

Бізбен бірге жұмыс істеуге келіңіз! :)
Тверь    Орел    Тамбов    Минск    Алматы    Мәскеу