Біз немен айналысамыз?
Бізде кімдер жұмыс жасайды?
Неге бізде жұмыс жасайды?
Бізде қайда жұмыс жасайды?
Егер Сіз — тапсырыс беруші болсаңыз...

переход на русскую версию сайта     переход на английскую версию сайта

Бізбен қай жерде жұмыс істеуге болады? > Алматы қаласында жұмыс істеу

Алматы қаласындағы бос жұмыс орындары:

Телефон орталығының кеңесшісі (оператор)

Жұмыстың мазмұны не? Телефон орталығының кеңесшісі кіріс қоңырауларды қабылдайды. Бізге ірі ресейлік компаниялар және банкілерінің тұтынушылары қоңырау шалады. Кеңесшінің міндеті – олардың сұрақтарына жауап қайтару. Жұмыс істеу үшін қажетті барлық ақпарат компьютер экранында орналасады. Әңгімелесу барысында кеңесші, сондай-ақ, қоңырау шалған тұтынушы туралы мәліметтерді компьютерге еңгізеді.
Айлығы қандай? Кеңесшінің жалақысы оклад және сыйақынан тұрады. Сыйақы жұмыс сапасы үшін, яғни тұтынушымен сөйлесу қағидаларын ұстану және дұрыс ақпарат беру үшін төленеді. Сондай-ақ, кеңесші қосымша әр тоқсан сайын сыйақы алады.
Жұмыс кестесі қандай? Толық жұмыс күні болған жағдайда – 8 сағаттық жұмыс ауысымы. Қосымша жұмыс болған жағдайда – 4 немесе 6 сағаттық жұмыс ауысымдары. Көрсетілген уақытқа жұмыс сағаттарымен бірдей төленетін үзілістер еңгізілген. Аптаның екі күні толық немесе қосымша жұмыс істеу жағдайында демалыс күндері болып саналады. Жұмыс кестесі және демалыс күндері қызметкерлердің қалауын ескеруімен жоспарланады.
Оқыту жүргізіле ме? Компанияның жаңа қызметкерлері үшін 5 күн ішінде күніне төрт сағат оқыту жүргізіледі. Осы күндері үшін шәкіртақы төленеді.
Толығырақ
Жұмыс істеу жағдайлары қандай? Біз ыңғайлы және жұмыс істеу үшін әрі үзіліс кезінде демалу үшін барлық қажетті жағдай жасалған кеңселерде жұмыс істейміз:
  • Қазіргі заманғы құрал-жабдықтары бар жұмыс орны
  • Тоңазытқыштар, қысқатолқынды пештері, сондай-ақ тегін шәй мен кофесі бар асхана
Сүреттерді көру
Мәнсаптық өсу мүмкіндігі бар ма? Телеконтакт компаниясында жұмыс істеу – бұл өз мәнсабыңызды бастау үшін керемет мүмкіндік. Компания тарапынан жасақталған мәнсаптық өсу жүйесі қызметкерге өзін көрсету және өз деңгейін әрі қарай көтеру үшін қосымша оқудан өтуге зор мүмкіндік береді. Біздің барлық басшылар мен супервайзерлер компаниямызда жұмыс істеуді оператор (кеңесші, сату бойынша менеджер) лауазымдарынан бастаған болатын. Сонымен қатар, біз көптеген клиенттерімізбен бірлесіп үздік мамандарды жұмысқа орналасу үшін қсыныс беру жүйесін жасақтап қойдық.

Біздің ұжымымызда бірлік пен серіктестің арақатынастары орнатылған. Біз бірге жұмыс істейміз және бірге көңіл көтереміз (сүреттерді көру)


Сұхбаттасуға жазылыңыз:
телефон нөміріне хабарласу арқылы +7 (727) 355-14-64
түйіндемелеріңізді келесі мекен-жайға жолдау арқылы:
немесе келесі нысанды толтырыңыз, сосын кадр бөлімінің қызметкері Сізге хабарласады.

* Белгісімен белгіленген жолақтарды міндетті түрде толтыру керек

Телеконтакттің Алматы қаласындағы мекен-жайы:

050004, Алматы қ., Төлебаев көшесі, 38, (Макатаев к-сінің қиылысында), 4 қабат






Телеконтакт, © 1999 - 2018

Бізбен бірге жұмыс істеуге келіңіз! :)
Тверь    Орел    Тамбов    Минск    Алматы    Мәскеу